ТҮРКІСТАН: Монументтік өнер құрылыстары «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша беріледі

0
268

Өрескел қателіктердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


ТҮРКІСТАН: Монументтік өнер құрылыстары «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша беріледі

Монументтік өнер құрылыстары енді ономастика саласындағы «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикада монументті өнер құрылыстарын орнату ономастика саласындағы «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Бәйдібек ауданында өткен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты көшпелі облыстық семинарда айтылды.


Семинар жұмысына облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан, қалалардағы ономастика саласын басқарып отырған бөлім басшылары мен сала мамандары, осы аудандық жұмысшы тобының мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты.


Семинарды облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып беріп, жиынға модераторлық етті. Сонымен қатар осы сала бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. 2024 жылғы 24 қаңтарда Республикалық ономастика комиссиясында бекітілген ономастикалық жұмыс барысында пайдаланатын әдістемелік ұсынымдардың талаптары таныстырылды.


Жиын барысында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аудандағы ономастикалық ахуал туралы баяндады. Жиі туындайтын өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Көшпелі жиында сөз алған Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің басшысы Эльвира Момынова кеңінен баяндады. Алдымен монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібіне тоқталған бөлім басшысы қағида талаптарын сақтауға шақырды. Осы саладағы заң бұзушылықтарға жол бермеу, өрескел қателіктердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.