ТҮРКІСТАН: Мүгедектер үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту тапсырылды

0
885

Асқар Мамин жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Мүгедектер үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту тапсырылды

Түркістандық ерекше білім беруді қажет ететін балалар арнайы біліммен оқытылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың 48%-ы (17 272 бала) инклюзивті және арнайы біліммен оқытылуда. Мүгедектіктің алдын-алу мақсатында анықтау, профилактикалық және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда алғаш рет мүгедектікке шығу деңгейі 18%-ға төмендеді.Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандардың 60%-ы, не 59,2 мың адам еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Оларды жұмыспен қамту үлесін ұлғайту мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде белсенді шаралар қарастырылған. 2020 жылдың 1 қарашасына еңбекке жарамды 1 610 мүгедек жұмыспен қамту шараларына тартылып, жоспар 111 %-ға орындалды. Оның ішінде 541 адам тұрақты, 1039 адам уақытша жұмысқа, 30 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. 572 адамға квота белгіленіп, 263 адам жұмыспен қамтылды. 2021 жылы мүгедек жандарды квотамен жұмысқа орналастыру үшін 1 334 кәсіпорында 3 331 мүгедекке орын белгіленген.

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды. әкімдіктерге мүмкіндігі шектеулі жандарды Әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы оңалту құралдарын алу дағдыларына оқытуды жаңғырту, Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Жұмыспен қамту орталықтары мен ХҚКО-ларда мүгедек адамдар үшін өзіне – өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту тапсырылды.