ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске асырылады

0
724

Оңалту шараларын сапалы және делдалсыз еркін таңдауға тиісінше, толық мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске асырылады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында мүгедектерге арналған 6 нысанның құрылысы жүргізіледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында мүгедектерге арналған сыйымдылығы 50 орындық 6 әлеуметтік нысанның және 200 орындық оңалту орталығының құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Оның ішінде 50 орындық 3 нысанның құрылысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Ұлттық жоспардың маңызды бағыты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру. Осы бағытта облыста бейімделуге жататын 2 895 нысанның 98%-ы сәйкестендірілген. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін басқарма және қоғамдық ұйымдар тарапынан мониторинг жүргізіліп, қолжетімді ортаны одан ары арттыру бойынша тиісті іс-шаралар атқарылуда. Биылғы жылы пилоттық режимде бастама алған «Әлеуметтік қызметтер порталы» мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 2021 жылы толық іске асырылады», - деді облыс әкімі.

Бүгінгі күнге мүгедектігі бар азаматтардың 94%-ы электрондық-цифрлық қолтаңба алды. Бұл 42 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматтарға оңалту шараларын сапалы және делдалсыз еркін таңдауға тиісінше, толық мүмкіндік береді.