ТҮРКІСТАН: Нұр-Сұлтан қаласына ауылшаруашылығы өнімдері жөнелтілді

0
1 816

Елорда да маусым айының 1-2 жұлдызында Түркістан облысының ауылшаруалығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.


ТҮРКІСТАН: Нұр-Сұлтан қаласына ауылшаруашылығы өнімдері жөнелтілді

Түркістан облысы Нұр-Сұлтан қаласына 365 тонна ауылшаруашлығы өнімідерін жөнелтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Түркістан облысынан шыққан ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің керуені Нұр-Сұлтан қаласына аттанды. Еліміздің бас қаласында маусым айының 1-2 жұлдызында өтетін Түркістан облысының ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтетін болады.
Жәрмеңкеге облыстан 77-тен астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы құны 116 млн.теңге құрайтын 365 тонна өнім жіберілді. Отандық өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына базар нарғынан 10-15% төмен бағада ұсынылатын болады.


"Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда бір апта мерзімде ерте басталды. Соның нәтижесінде Түркістан облысында бүгінгі таңда 250 мың тонна көкеніс, 28 мың тонна картоп, жылпы 1,5 мың тоннаға жуық жеміс-жидектер түсіп Нұр-Сұлтан қаласына, Солтүстік облыстарына жөнелтілді. Еңбек өнімділігін 2,5 есе ұлғайту және шаруалардың піскен өнімдерін өткізу мақсатында осындай жәрмеңкелерді биыл 5 рет Нұр-Сұлтан қаласына жоспарланып отыр", - дейді Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Бұдан бөлек, 1 мауысым "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай арнайы орын белгіленіп 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіпорындарынан шығарылатын табиғи таза балмұздақ пен сүт өнімдері тегін үйлестіріледі.