ТҮРКІСТАН: Облыс әкімдігі мен Украина компаниясы меморандумға қол қойды

0
503

Қазіргі таңда индустриалды аймақта жер қарастырылып, рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімдігі мен Украина компаниясы меморандумға қол қойды

Түркістан облысы әкімдігі мен Украинаның «UBC Group» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Украинаның «UBC Group» компаниясының басшысы Игорь Гуменныймен меморандумға қол қойды.


«Түркістан инвест» сүйемелдеуімен келген инвесторлар енді Түркістан облысында сусындарды салқындататын тоңазытқыштар мен мұздатқыштар шығаратын зауыт ашады.


Қазіргі таңда индустриалды аймақта жер қарастырылып, рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған зауыт 2024 жылдың ақпан айында іске қосылады деп жоспарланған.


«UBC Group» – Шығыс Еуропадағы ең танымал әрі өндірістік қуаты мықты компаниялардың бірі. Бұл зауытта өндірілген салқындатқыш техникалары, сусындарды сақтайтын тоңазытқыштар мен салқындатылған тауар сөрелері Еуропа мен Азия елдерінде сұранысқа ие.


Түркістанда бір зауыт ашатын болса, бастапқыда 300 адам, толық қуатына енгенде 1200 жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта Түркістанда шығарылған тауардың 60%- ын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.