ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Қазығұрт халқымен жүздеседі

0
499

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Қазығұрт халқымен жүздеседі

Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының 2024 жылғы 30 мамыр, сағат 11.00-де Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесуі Өнер мектебінде (Қазығұрт елді мекені, Ертіс көшесі №27 үй) және сағат 12.00-де жеке қабылдауы аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Қазығұрт елді мекені, Д.Қонаев көшесі №95 үй) өтетінін хабарлаймыз!


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533)-5-98-99, 5-79-83 байланыс телефоны және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 29 мамырға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.