ТҮРКІСТАН: Облыс аумағы тазартылып 16 тонна қоқыс шығарылды

0
1 336

Акция аясында жасалған шара қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.


ТҮРКІСТАН: Облыс аумағы тазартылып 16 тонна қоқыс шығарылды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Мемлекеттік радиожиілік қызметі "РМК", «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері қатысты.Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбековтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен ҚР ЦДИАӨ министрлігіне қарасты мекемелер қолдады.

«Бүгін біз әріптестерімізбен «Жеңіс» саябағы аймағын тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын», – деп қосып өтті директор.

Айта кетейік, Түркістан облысы аймағын жинауға 325 қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 383000 м2 жерді тазартып, 16 тонна қоқыс шығарды.