ТҮРКІСТАН: Облыс экономикасын дамытуға 321,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды

0
577

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 120,2% құрады.


ТҮРКІСТАН: Облыс экономикасын дамытуға 321,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды

Түркістан облысының экономикасын дамытуға 321,7 млрд. теңге инвестиция бағытталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс экономикасын дамытуға 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында 321,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 120,2% құрады. Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 34,8% немесе 111,8 млрд. теңге, меншікті қаражаттары 46,9% немесе 150,9 млрд. теңге, қарыз қаражаты 18,3% немесе 59 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі өнеркәсіп (33,9%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (17,4%) және өнер, ойын-сауық және демалыс (11,7%) салаларына келеді.


Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны биылғы жылдың алғашқы 8 айында 143,2 мың бірлікті құрады. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 213,2 мың адамға жетті. Осы уақыт аралығында өнім (тауарлар мен қызмет көрсетулер) шығарылымы 215 млрд. теңгені құрап, +99,7%-ға артты.


Құрылыс жұмыстарының көлемі 148,1 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 123,9% құрады. Тұрғын үй құрылысын дамытуға 54,3 млрд. теңге инвестиция бағытталған, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 136,1% құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 363,6 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне 111,5% құрады.


2021 жылдың қаңтар-шілде айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 270,2 млн. АҚШ долларын немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 107,1%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 206,7 млн. АҚШ долларын немесе 100,7%-ды, импорт – 63,5 млн. АҚШ долларын немесе 134,9%-ды құрады.