Қарттарымызға берекелі ұзақ ғұмыр, денсаулық, ырыс-несібе тіледі.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Осы ретте Облыс прокуроры М.Тлеубердиев «1-қазан халықаралық қарттар күніне» орай Түркістан облыстық қарттар үйіне барды.
Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты- егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеу, сондай-ақ оларға қолдау көрсету және өмірлеріне қуаныш орнату.
Мерейлі күні М.Тлеубердиев «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» екенін атап өтіп, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымызға берекелі ұзақ ғұмыр, денсаулық, ырыс-несібе тіледі.