ТҮРКІСТАН: Облыстық маслихат депутаттығына 116 үміткер тіркелді

0
1 624

Үміткерлерді тіркеу жұмыстары толық аяқталған.


ТҮРКІСТАН: Облыстық маслихат депутаттығына 116 үміткер тіркелді

Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер ретінде 116 азамат тіркелді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық маслихатында жалпы 45 депутаттық мандат бар. Осы орындарға алдағы сайлау науқанында үміткерлер тізіміне енген 116 азамат өзара сайлаушылардың дауысын жинау арқылы сынға түсетін болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірдегі саяси партиялар тарапынан облыстық маслихат депутаттығына ұсынылатын үміткерлерді тіркеу жұмыстары толық аяқталған.

«Алдағы уақытта облыстық, қалалық, аудандық маслихаттарының кезекті сайлауына 5 саяси партиядан жалпы 833 үміткер додаға түседі. Оның 632-сі «Nur Otan» партиясынан, 81-і «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан, 69-ы «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясынан, ал 46-сы «Adal» саяси партиясынан, сондай-ақ 8-і Қазақстанның халықтық партиясынан қатысады. Қазіргі таңда, өздеріңіз білетіндей сайлаудың ережесіне сай барлық партиялар үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуда. Бүгінге дейін саяси партиялардың тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар орын алған жоқ», – деді Ә.Кәденұлы.

Үміткер ретінде сайлауға түсетін азаматтардың 331-і әйелдер мен 29 жасқа толмаған жастар. Бұл Орталық Сайлау комиссиясының бекіткен 30 пайыздық квотасына сәйкес келеді.