​Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті жоспарды артығымен орындады

0
1 748

"Республикалық бюджет – 106,7 пайыз, жергілікті бюджет - 104,6 пайыз, жоспардан 2 млрд. теңгеге артық орындалды".


​Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті жоспарды артығымен орындады

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарлары Еркін Елшібеков пен Елдос Саудабаевтар салықтық және кедендік заң бұзушылықтарды бақылаудағы 11 айлық қорытынды бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Он бір айдың қорытындысымен комитет құзыретіне жататын кірістер бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 121,7 млрд. теңге болса, нақты 128, 9 млрд. өндірілді. Оның ішінде, республикалық бюджет – 106,7 пайыз, жергілікті бюджет - 104,6 пайыз, жоспардан 2 млрд. теңгеге артық орындалды, - деді Еркін Кеңесбекұлы.

Сонымен бірге, облыс аумағында тіркелген базарлар, тойханалар, мейрамханалар мен сауда орындарында салық органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіппен айналысып жатқан, бақылау-касса машинасының қолдану тәртібінің сақталуын және болу мәселесі бойынша сондай-ақ, алкоголь өнімдерінің заңсыз саудалану деректерінің жолын кесу мақсатында жергілікті «Атамекен» ҰКП мен «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен бірлесе рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілген.

Рейд барысында 336 азаматқа түрлі заң бұзушылық бойынша акт толтырылған. Атап айтқанда, кәсіпкер ретінде тіркелмеген 171 азаматқа, оның ішінде бақылау-касса машинасы жоқ немесе қолданбайтын 134, тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын 31 азамат, 118 азаматтың құжаттары сотқа өткізілген.

Ал, кедендік бақылау бойынша Елдос Ермағанбетұлы Департаменттің құрамына алты шекаралық, екі ішкі кеден бекеті қызмет атқаратынын, кеден бекеттерінен 14 539 тауарларға арналған декларация ресімделген және былтырғы жылмен салыстырғанда ол - 16,2 пайызға өскендігін мәлім етті.