Түркістан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы тағайындалды

0
3 550

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды.


Түркістан облысы  қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы тағайындалды

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасының бастығы.лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаев тағайындалды. Т.Абдранбаев ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов департаменттің жаңа бастығына жемісті еңбек тіледі.