Түркістан облысы ПД: "5 жасар қызды 4 адам зорлады" деген жалған ақпарат

0
1 401

Президент Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаны мұқият тексеруді тапсырған еді.


Түркістан облысы ПД:

Түркістан облысының Полиция департаменті желіде тараған "5 жасар қызды 4 адам зорлаған" деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Түркістан облысының полиция департаменті барша азаматтардан Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге кеңес береді.

Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тергеу нәтижесімен аталған қылмыстық әрекетті тек бір тұлғаның жасағаны дәлелденіп, ол қамауға алынған. Өзге тұлғалардың қатысы болу мүмкін екені туралы деректер мен дәлелдер жоқ.
Сонымен қатар жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз", делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, 13 шілде күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған, 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесі табылған болатын.

Президент Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаны мұқият тексеруді тапсырған еді.