​Түркістан облысы полицейлері жабайы қоян аулаған браконьерлерді ұстады

0
3 431

Оқиға ҚР ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша тіркеуге алынған.


​Түркістан облысы полицейлері жабайы қоян аулаған браконьерлерді ұстады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Созақ ауданы заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Экологиялық қылмыс пен құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ ауданының 3 тұрғыны 3 бас жабайы қояндарды ұстау кезінде қолға түсті.

Күдіктілер ерекше қорғалатын табиғи аумақта құжаттары жоқ «Урал» маркалы мотоциклін және арнайы прожектор құрылғысын қолданып, ТОЗ-16 моделді мылтығымен заңсыз аң аулаған. Созақ АПБ-не жеткізілген күдіктілерден айғақты зат ретінде мылтық пен 19 дана патрондары және 3 қоянның өлі денелері тәркіленіп алынды. Аталған жайт сотқа дейінгітергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша тіркелген. Күдіктілер өз кіналарын толық мойындаған. Бас шарасы «келу туралы міндеттеме». Осылайша, Созақ АПБ-нің полицейлері мен «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» КММ қызметкерлерінің бірлесіп жұмыс жасауы арқасында табиғатқа, жануарларға зардап келтірушілер ұсталып, өзгелерге сабақ болуда. Мұндау шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Аталған шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау, құқық бұзушылықтарды болдырмау, табиғи байлығымызды қорғау, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесуболып табылады.

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтер мен тексерулер ұйымдастырады. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талабының қатаң сақталуын ескертеді.