Түркістан облысында 11 мың гектар алқапта азық-түлік белдеуі қалыптастырылады

0
1 025

Бүгін Өмірзақ Шөкеев Нұр-Сұлтан қаласында баспасөз конференциясын өткізді.


 Түркістан облысында 11 мың гектар алқапта азық-түлік белдеуі қалыптастырылады

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешені дамыту мақсатында АҚШ-тан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткізген баспасөз конференциясында мәлім болды.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту тұрғысында азық -түлік белдеуін қалыптастыру және су нысандары жобалары іске асырыла бастады. Мәселен, Түркістан қаласы аумағында 11 мың гектар алқапта азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған.

Жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге жуық қыруар жұмыс «Қазагрофинанс» АҚ-ның тарапынан лизингілік шарт негізінде несиелендірілуде. Жоба аясында «1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы» жобасы іске асырылуда. Айта кету керек, қазіргі таңда Түркістан облысында 9 индустриалдық аймақ құрылған. Аудан, қалаларда қаланған индустриалдық аймаққа 455 гектар жер бөлінген. 7-не инфраструктура тартылған. Жалпы құны 41 млрд. теңгені құрайтын 60-қа жуық жоба аясында үш жарым мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ.