Түркістан облысында 15-тен астам бала зорланған болуы мүмкін – ЗАҢГЕР

0
592

Қазіргі таңда күдіктімен көрші тұратын көптеген ата-ана кішкентай қыздарын жаппай гинекологқа тексертіп жатыр екен.


Түркістан облысында 15-тен астам бала зорланған болуы мүмкін – ЗАҢГЕР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Елімізге белгілі заңгер Отырар ауданындағы зорлық жасау ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданында «зорлық» бойынша қамауға алынған күдікті 15-тен астам баланы зорлаған болуы мүмкін. Бұл туралы белгілі заңгер-құқыққорғаушы Айман Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы айтты.


Оның айтуынша, алғашқыда 2 жасөспірімнің зорланғаны сөз болса, кейін бұл көрсетіш 7-ге, сосын 15 ке жеткен.


Ал күдікті балабақшада от жағушы болып жұмыс істейтін 1990-93 жылдары туылған азамат көрінеді.


Осы ретте заңгер Бас прокуратураға үндеу жасап, Түркістан облысындағы жағдайды тексеруді сұрады.


Ал заңгер Ляззат Ракишева: «қазіргі таңда күдіктімен көрші тұратын көптеген ата-ана кішкентай қыздарын жаппай гинекологқа тексертіп жатыр екен» - деді. Яғни құрбандардың саны 15-тен көп болуы да ықтимал.


Айта кетсек, күні кеше облыстық полиция департаменті түркістандық тұрғынның жасөспірім қыздарға зорлық көрсету бойынша қамалғанын хабарлаған еді.