Түркістан облысында 19 мектеп қолданысқа берілді

0
776

240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға биыл 3,1 млрд.теңге бөлінген.


Түркістан облысында 19 мектеп қолданысқа берілді

Түркістан облысында 514 мыңнан астам оқушы білім алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сі пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында салынбақ.


Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында 19 білім ошағы оқушыларды қабылдады. Атап айтсақ Сауран, Сарыағаш, Ордабасы мен Түлкібаста және Арыс қаласында 5 мемлекеттік мектеп ашылды. Сондай-ақ 14 жекеменшік мектеп (Түркістан қаласы 3, Бәйдібек 1, Жетісай 1, Қазығұрт 1, Ордабасы 2, Сайрам 2, Сарыағаш 1, Сауран 3) өз жұмысын бастады.


Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеде, атап айтқанда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 13 білім мекемесіне, ал облыстық бюджеттен 8 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға биыл 3,1 млрд.теңге бөлінген.