Ұсталғандар қоймада жұмыс істеп, ұрлықпен айналысқан
иллюстрациялық фото
Түркістан облысының полицейлері 30 миллион теңге тұратын дизель отыны ұрлығын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Созақ АІІБ кезекші бөліміне фирма өкілдерінің бірі арызданды, онда жұмысшылар жанғыш заттар ұрлығымен айналысады деп көрсетілген. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Созақ АІІБ полицейлері күдікті ретінде Созақ ауданы мен Алматы қ. екі тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында ұсталғандар жанғыш заттар қоймасында жұмыс істеп, дизель отыны ұрлығымен айналысқаны анықталды. Олар ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 30 миллион теңгені құрады.
Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.