Түркістан облысында 300 гектар суармалы егістік жерге ағын су жеткізілді

0
781

4 шақырымнан асатын канал күрделі жөндеуден өтті.


Түркістан облысында 300 гектар суармалы егістік жерге ағын су жеткізілді

Келес ауданында 300 гектар суармалы егістік жерге ағын су жеткізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінің шаруаларының ағын су тапшылығы мәселесі шешімін тапты. 4 шақырымнан асатын канал күрделі жөндеуден өтті. Су арнасы 300 гектар көлемдегі егінді жерді сумен қамтамасыз етеді. Күрделі жөндеу жүргенге дейін соның 70 гектары ғана ағын сумен қамтылған болатын. Енді 300 гектар жер толығыменен айналымға қосылып, игерілді.

Бүгінде егін шаруашылығын дамытуда орасан зор қызмет көрсетуде. Күрделі жөндеу жұмыстары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран Су» КММ мекемесі тарапынан жүргізілген.

Жалпы, Келес ауданында өткен жылы 92 шақырым болатын каналдар мен қашыртқылар механикалық және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Биыл 50-ден астам су жүйелері, ұзындығы 200 шақырымнан асатын су нысандарының сметалық құжаттары әзірленіп, механикалық тазалауға дайын тұр.

Оның 90 шақырымы бірінші кезекте механикалық тазалаудан өткізілетін болады. Ұзындығы 25 шақырымнан астатын Саңырау және Игілік каналдарын күрделі жөндеу жасау үшін сараптаудан өтіп, биыл жөндеу жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.