Түркістан облысында 44 мешіт өз статусынан айырылады

0
2 233

Түркістан облысындағы кей ауылдарға бір емес екі мешіттен салынған. Алайда, олардың бүгінде жамағаты жоқ.


Түркістан облысында 44 мешіт өз статусынан айырылады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 44 мешіттің біразы намазханаға айналып, қалғаны бапсанаға мұқтаж отбасыларға беріледі - деп хабарлайды - ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді Мақтаарал ауданында ауыл тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

"Маған 21 күні мүфтияттан хат келді. Елдімекендерді мешіттерді намазхана немесе мұқтаж жандарға үй есебінде беру жағын қарастыру керек. Мешіт салған, бірақ адамы, жамағаты жоқ оның ішінде. Бір ауылға 2 мешіттен түсіп қалған. Соның бірін намазханаға жабу керек немесе бір мұқтаж жанға үй қылып беру керек. Мен кеше 44 мешітті жібердім. Міне мыналар намазхана қылуға келіседі, мыналар тұрғын үй қылып беруге келіседі деп",- деді ол.