Шалғайдағы ауылдарда бой көтереді.
Түркістан облысында ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында 49 медициналық нысан салынбақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында 49 медициналық нысан салынбақ. Медициналық көмекті қолжетімді ету мақсатында жаңадан бой көтеретін емдеу нысандары шалғайдағы ауылдарда бой көтереді.
Биылдың өзінде Мақтаарал, Ордабасы мен Жетісай аудандарындағы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 3 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың жалпы құны 1 102,4 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ Ордабасы ауданында фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде.
Жалпы Түркістан облысы бойынша Ұлттық оператормен 3 үлгі бойынша нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алған. Атап айтқанда, Қазығұрт, Төлеби мен Түлкісбас аудандарындағы елді мекендерде медициналық нысан құрылысы жүргізіледі.