Түркістан облысында 540 млрд. теңгеге жуық салық түскен

0
561

Нәтижесінде өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 137%-ды құраған.


Түркістан облысында 540 млрд. теңгеге жуық салық түскен

Түркістан облысында 540 млрд. теңгеге жуық салық түсімі түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында былтыр 537,6 млрд. теңге салық түсімі түскен. Нәтижесінде өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 137%-ды құраған. Оның 388,5 миллиарды - Республикалық бюджетке түссе, 149,1 миллиард теңге - жергілікті бюджетке тиесілі. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.


«Соңғы жылдары экономикамыз өсіп, облысымыз өркендеп келе жатқандығы - салықтық түсімдерге де оң әсерін беруде. Дегенмен мемлекеттік бюджеттің кірісін ұлғайту бағытында Департамент тарапынан былтыр салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 29 млрд. теңгеге жуық қосымша кіріс көздері анықталып, өндірілді»,- деді Сәуле Әбдәшімқызы.


Сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 42 қызметтің 38 түрін электронды әдісте алу мүмкіндігі қарастырылған. Нәтижесінде, жыл қорытындысында облыстағы қызметтердің 99,9 пайызы электронды түрде көрсетілген.


Сонымен қатар, брифингте департаменттің басқарма басшысы Мейрамбек Көкенов жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы мәлімдеді. Былтыр мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмысшылары мен жұбайлары декларациялаудан өткен. Биыл заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен жұбайлары қаржысы декларациялаудан өтуі тиіс.