​Түркістан облысында "Адал жол - честный путь" марафоны өз мәресіне жетті

0
2 015

Марафонға қатысқан жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.


​Түркістан облысында

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ұйымдастырылып, облыс аумағында жүріп өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафоны Түркістан қаласында өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс - шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев арнайы қатысып, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтан эстафетаны қабылдап алды.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев эстафета өткізудің мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екенін атап өтіп, «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына белсене қатысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар тапсырды.

Айта кетейік, «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Оған қала, аудандардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен барлық мақсатты топтардың белсенділігімен өтуде.

Марафон аясында Түркістан қаласында жалпы 70-ке жуық іс-шаралар түрлі форматта, яғни, семинар-кеңес, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстел, кездесу, велошеру, автошеру, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға жалпы 10 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Естеріңізге салсақ, марафон Шардара ауданына бастау алып әрі қарай, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Арыс, Отырар, Кентау және Созақ, Бәйдібек аудандарында өтті.

Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.