Түркістан облысында дәстүрлі оқыту жүйесі қолданылуы мүмкін

0
846

Облыста 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535-ті құрайды.


Түркістан облысында дәстүрлі оқыту жүйесі қолданылуы мүмкін

Түркістан облысында жалпы 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535-ті құрайды. Айта кетерлігі, 1 сынып оқушылары биыл мектепке 1 тамызға дейін eGov.kz порталы арқылы тіркеледі. Сондықтан оқушылар саны арта түспек. Қазіргі таңда 2020-2021 жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, оқу процесін ұйымдастырудың түрлері жан-жақты қарастырылып жатыр екен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.

«Оқу жылындағы бірінші тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақы ауылды мектептерді қоспағанда, облыс аумағындағы барлық мектептерде 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытылады. Облыста шағын жинақы мектептер саны – 139, ондағы оқушы саны 12 378. Егерде аталған мектептер орналасқан елді мекендерде індеттен қауіп жоқ болса, санитарлық эпидемиялогиялық қызметтің рұқсатымен дәстүрлі түрде оқытылатын болады», - деді басқарма басшысы.