Ол Арысқа барған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
иллюстрациялық фото
Түркістан облысында азық-түлік дүкендерінің 20 күнге жабылатыны туралы жалған хабарлама тартқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.03.2020 жылы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жергілікті тұрғындардың азық-түлікке байланысты таласып жатқандығы, ал дүкендердің 20 күнге жабылатыны туралы белгісіз тұлға түсірген бейнежазба тарады. Бұл жайт Арыс АПБ-да тіркелді.
Арыс АПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған ақпараттың авторы мен бейнежазба таратушысының жеке басын анықтады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, 13.03.2020 ж. ер адамның Арыс қаласына қызмет барысында келгені анықталды.
Яғни, Шымкент қаласының тұрғыны өз еркімен бейнежазба арқылы Қазақстан азаматтары мен Арыс қаласының тұрғындарынан кешірім сұрады.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша істің барлық мән-жайы анықталуда.