Түркістан облысында инфрақұрылым мәселелері шешіліп жатыр

0
576

15 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып, 8-нің құрылысы толық аяқталды.


Түркістан облысында инфрақұрылым мәселелері шешіліп жатыр

Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламамен инфрақұрылым мәселелері шешілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Созақ ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып, 8-нің құрылысы толық аяқталды. Нәтижесінде елдемекендердегі 4,5 шақырымнан астам көшеге асфальт, 1 шақырым жерге аяқжол төселіп, жарықшамдар орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, спорттық нысан бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Жалпы 15 жобаны жүзеге асыруға 291 039,9 мың теңге қаржы қаралса, бүгінге дейін оның 264 179,0 мың теңгесі немесе 90,7 пайызы орындалып отыр.

Іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар арқылы 83 жаңа жұмыс орнын ашу, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орны құрылып, 45 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 107,1 пайызға орындалды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады.

Айта кетейік, жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлер қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген.