Түркістан облысында ірі қара мал саны артты

0
650

Жыл басынан бері өңірде 407,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.


Түркістан облысында ірі қара мал саны артты

Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 405,6 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында биылғы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 405,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 170,2 млрд. теңгені, мал шаруашылығы – 230,8 млрд. теңгені құрады. Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 144,1 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 556,5 мың тонна – сүт, 158,3 млн. дана – жұмыртқа өндірілді.


Облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны 3,3% көбейіп, 1,15 млн. басты, қой мен ешкі – 5,1 млн. басты, жылқы – 385,2 мың басты, түйе – 37,9 мың басты немесе 110,2% құрады.


Жыл басынан бері өңірде 407,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. 2021 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері көш ілгері. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,2% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 180 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 46,0%) өнімінің нақты көлем индексі – 99,6%, немесе өнім көлемі 187,7 млрд. теңгені құрады.


Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 34,9 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі – 118,1% құрады. «Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау» саласында 5,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,3% құрады.


Аса маңызды өнімдердің ішінде ұн – 9,8%-ға (139,5 мың тонна), төсек жаймалар – 1,5 есеге (11,5 мың дана), жылу қуаты – 29,8%-ға (283,9 мың. гкал.) артты.