Түркістан облысында кәсіпкерлер саны көбейіп келе жатыр

0
661

Әкімнің өзі арнайы тапсырма берген.


Түркістан облысында кәсіпкерлер саны көбейіп келе жатыр

Ордабасы ауданында кәсіпкерлердің қатары артып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлер мен шағын несие ұйымдары арқылы 2241 адамға 1 млрд. 314,9 млн. теңге несие үлестірілген. Нәтижесінде ауданда мал, егін шаруашылығы, сауда, қызмет тауар айналымын ұлғайту, жылыжаймен айналысатын азаматтардың қатары артып отыр.

Атап өтсек, жеңілдетілген несие арқылы бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына қолдау білдіріп отырған несие ұйымдарының қатарында «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «КазМикроФинанс», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС, «Төрткүл несие» ШНҰ, «АгроНесиеОрдабасы» ЖШС және «Арнур кередит» несие ұйымдары бар.

Осы орайда, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау үшін несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар бергенін айта кету керек. Осы тапсырмаға сәйкес, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Өйткені Түркістан облысының экономикасының дамуына ауыл шаруашылығы кәсібінің тигізетін пайдасы орасан зор.