Түркістан облысында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді

0
384

Мақсаты – жол бойындағы қоқыстар мен тағам қалдықтарын жинау, көпжылдық ағаш түптерін қопсытып, әктеу.


Түркістан облысында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді

Түркістан облысында «Жасыл аймақ» апталығы аясында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған республикалық экологиялық акцияның «Жасыл аймақ» апталығы қорытындыланды. Экоакцияға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен басқармаға қарасты «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Түркістан облыстық экология департаментінің қызметкерлері қатысып, қоршаған ортаны көркейтуге жұмылды. Олар көше бойларына тал көшеттерін отырғызып, қаланың тазалығын сақтап, көркіне әсемдік сыйлауға белсене атсалысты.


Кентау тасжолы бойында ұйымдастырылған сенбілікте абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ағаш түптері әктеп, қоқыстан тазартты. Мақсаты – жол бойындағы қоқыстар мен тағам қалдықтарын жинау, көпжылдық ағаш түптерін қопсытып, әктеу.


Қоғам мүшелері арасында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға облыс бойынша 20 мыңға жуық адам атсалысты. Жалпы 10380 мемлекеттік қызметкер, 2140 ерікті және 6560 тұрғын жұмылдырылған. Экоакция аясында 22 мыңға жуық ағаш егіліп, 10 мыңнан аса ағаш түптері әктелді. Сондай-ақ 5 мың тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды.


Айта кетейік, акцияның үшінші аптасында саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағы абаттандырылып, қоқыстан тазартылды. Облыста көгалдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.