Түркістан облысында көмір отынының қажеттілігі 850 мың тоннадан асады

0
536

Көмірдің тоннасы 20 000 - 26 000 теңге арасында саудаланып жатыр.


Түркістан облысында көмір отынының қажеттілігі 850 мың тоннадан асады

Түркістан облысы тұрғындары үшін 600 мың тоннадан аса көмір қажет, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша жалпы көмір отынының қажеттілігі 850 мың тоннадан асады. Оның ішінде 240 мың тоннадан астамы коммуналдық - тұрмыстық қажеттілікке бағытталса, тұрғындардың үшін 600 мың тоннадан аса көмір қажет. Бюджеттік мекемелердің көмір отынына қажеттілігі 143 мың тоннаға жуық және ол 100 пайыз тасымалданған. Қазір өңірде көмір тапшылығы жоқ. Жылыту маусымының барысы туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында қаралды.


Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Тұрғамбаевтың баяндауынша, өңірде көмір тасымалдайтын 24 мекеме бар. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елді мекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынның бағасы 14700 - 20000 теңге аралығында, ал темір жол тұйығы жоқ елді мекендерде 20 000 - 26 000 теңге арасында саудаланып жатыр. Жауапты мекеме басшыларына қатты отын бағасының көтерілуіне жол бермеу бойынша хат жолданды.