Түркістан облысында мақта көсектері ашыла бастады

0
1 162

Гектарынан 30-35 центнер өнім алу жоспарланғап.


Түркістан облысында мақта көсектері ашыла бастады

Мақтааралда мақтаның алғашқы көсектері ашыла бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орналасқан «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының экспериментальдық алқаптарында ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы отандық Мақтаарал – 4005, Мақтаарал – 4007, Мақтаарал – 4011, Мақтаарал – 4017 және Береке – 07 мақта сорттарының төменгі ярустарының симподиялық сабақтарында алғашқы мақта көсектері ашыла бастады. Аталмыш мақта сорттарының шиті биылғы жылы сәуірдің 22-25 жұлдызы аралығында себіліп, тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда әрбір түп мақта қозасында орташа 10-15 данадан мақта көсектері қалыптасқан. Бұл дегеніңіз қазірдің өзінде әр гектардан 30-35 центнер өнім алуға болады деген сөз.

Өндірістік және эксперименталдық алқаптарда мақтаның жиын-терім алдындағы қарқынды агротехнологиялық шаралары қызу жүргізілуде.