Түркістан облысында мал дәрігерлік бекет қолданысқа берілді

0
2 193

Мұнда 9 ветеринар дәрігер жұмыс істейді


Түркістан облысында мал дәрігерлік бекет қолданысқа берілді

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Бәйдібек ауданында мал дәрігерлік бекет ел игілігіне берілді, деп жазады 24.kz.

Бұрындары Ағыбет ауылдық округінің тұрғындары қорасындағы малына дерт көрінгенде орталыққа сабылатын. Енді елді мекенде заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген ветеринариялық бекеттің жеке ғимараты бар. Мұнда 9 ветеринар дәрігер жұмыс істейді. Олар ауылдағы үй жануарларына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтау және алдын алу мақсатында аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау үшін егу және залалсыздандыру жұмыстарымен айналысады.

Бәйдібек мал өсіруге қолайлы өңір саналады.Аймақта 53 мың ірі қара, 717 мың уақ мал, 18 мыңнан астам жылқы 250 түйе бар. Осы малдарды кенеге қарсы күзгі энзоотиялық аурулардың алдын алу және болдырмау мақсатында 74 400 бас ірі қара мал бүркіліп, 555 мыңнас астам уақ мал тоғытылып, үй іргелік қора жайлар залалсыздандырылды. Сонымен қатар 81 2000 шаршы метр суаттар мен мал иірімдеріне өңдеу жұмыстары жүргізілген. Осының арқасында биыл жануарлар тосыннан келетін кеселден аман дейді ветеринар мамандар.

Боранбай Тасшабаев, аудандық «Ветеринарлық қызмет» КМК директоры: Негізгі міндетіміз адамға малға, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын жүргіземіз. Ол атап айтқанда сібір жарасы, аусыл ауруы. Бәйдібек ауданы бойынша жалпы эпизиотиялық жағдай тұрақты. 2018 жылы жаплы ешқандай жұқпалы ауру тіркелген жоқ.