Түркістан облысында тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді

0
745

Олардың 60% ұл болса, 40% - қыз.


Түркістан облысында тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді. Олардың 60% ұл болса, 40% - қыз. Яғни Түркістан облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша бірінші орында тұр.


Бұл – аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі. Облыс аймағында үш облыстық перинаталдық орталық бар. Ал, аудан бойынша 22 перзентхана бөлімі жұмыс істейді.


Түркістан облыс орталығына айналғалы бері демографиялық өсім 2 есеге ұлғайған. 2 миллионнан аса тұрғыны бар өңірде соңғы 5 жылда 237 762 сәби дүниеге келген. Бұл - жылына 60 мыңға жуық бөбек туылады деген сөз. Ал, биыл, яғни жыл басынан бергі 6 айда 26 мың 706 нәресте өмірге келген.


Сонымен қатар, Түркістан облысы - елімізде үшем туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Соңғы 5 айда 59 отбасы егіз балалы болса, 2 отбасында үшем туылған.