Түркістан облысында жаңа көпір салынып жатыр

0
1 048

Әкім нысанды белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.


Түркістан облысында жаңа көпір салынып жатыр

Сарыағашта жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев Жарты төбе мен Құркелес ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Келес өзені бойындағы салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС-гі тарапынан ұзындығы 60, ені 10 метр болатын жаңа көпірдің және көпірге дейінгі Еңкес елді мекеніндегі С.Мұсаұлы көшесінің 0,42 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа көпір ағымдағы жылдың қазан айының аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аудан басшысы халық игілігі үшін салынып жатқан көпір болғандықтан, құрылыс компаниясының өкілдеріне пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасына айрықша мән беріп, нысанды белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, аудан әкімі М.Отаршиев жұмыс сапарымен Жартытөбе ауылдық округі, Достық елді мекенінде тұрғызылып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты.

Достық елді мекенінде орналасқан №59 жалпы орта мектеп ғимараты апатты жағдайда болуына байланысты, жаңа білім ошағын салу қажеттілігі туындаған. Осыған орай үстіміздегі жылдың шілде айында жаңа ғимараттың қазығы қағылған болатын. Бүгінгі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «Жоғары сапа құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы — 1,90 гектарды құрайды. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі – 2021 жыл.

Аудан басшысы бала болашағы үшін бой көтеріп, пайдаланылуға берілетін білім ордасы сапалы түрде әрі тиісті мерзімінде табысталу керектігін ескертіп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.