11 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын ендіріледі.
Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуі құрылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында су ресурстарын реттеумен қатар, ылғал үнемдеу, жаңбырлатып суғару технологиясын ендіруге басымдылық берілген. Осы мақсатта, Түркістан қаласы аумағында 11 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын ендіріліп, азық-түлік белдеуі құрылады. Бүгінгі күннің өзінде 1,5 мың гектарға аталған технология ендіріп, жылына 2 өнім алынуда.
Технологияның тиімділігі су үнемдеумен қатар, өнімділікті 3 есеге арттырды. Жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілген алқап 3,5 мың гектарға жеткізу шаралары атқарылуда. Бұдан бөлек, еңбек өнімділігін арттыру бағытында облыстың климаттық ерекшелігін пайдалана отырып, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы іске асырылды. 2020 ж. 1999 жоба (5,2 мың га) жүзеге асырылып қосымша 18,4 млрд.тг өнімі өндірілді. Тәжірибе көрсеткендей жобаның тиімділігі жылына 1 гектардан 7 - 8 млн. тг дейін табыс табуға болатындығын көрсетті, яғни 2- 2,5 есеге артық өнім алынды. Осы бағыттың тиімділігіне орай, ағымдағы жылы 8,9 мың гектарға 2771 жоба жүзеге асырылып, бірінші өнім жиналуда.
"Жергілікті деңгейде су нысандарын тиімді пайдалану Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары мен Арыс, Кентау қалаларын 78,8 мың га суармалы сумен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл су саласын дамытуға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге бөлінді. Осы қаражатқа 361 км су объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Облыс әкімінің қолдауымен Жетісай ауданына басымдық берілді, онда коммуналдық меншіктегі ұзындығы 241 км барлық 121 каналға механикалық тазалау жүргізіледі", - деді облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев.