Жеңіл көлік трактордың астына кіріп кеткен.
Түркістан облысында трактор мен жеңіл көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін, 18 маусым күні Шымкент-Самара автожолының 141-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. «Хюндай Гаррета» маркалы автокөлігі алдында кетіп бара жатқан трактордың астына кіріп кеткен. Жеңіл көліктің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір жол апаты орын алған жерде Түркістан облыстық полиция департаментінің анықтаушылары жұмыс істеп жатыр.
"Аталған жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы "көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.