Түркістан облысында жол апатынан қаза тапқан әйелдің кім екені анықталмай тұр

0
1 644

Облыстық ІІД тұрғындардан жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған әйелдің түр-тұлғасын анықтауға көмектесуін сұрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жол апатынан қаза тапқан әйелдің кім екені анықталмай тұр

иллюстарциялық фото

Облыстық ІІД тұрғындардан жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған әйелдің түр-тұлғасын анықтауға көмектесуін сұрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

2018 жылдың 29 мамыр күні сағат 22.10 шамасында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 718 км. орын алған жол-көлік оқиғасы жайты орын алды. «Ауди-100» автокөлігін басқарған көлік жүргізушісі 35-40 жас шамасындағы азиат нәсілді әйел азаматшасын түр-тұлғасы анықталмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

ІІД АБ тергеу өндірісінде СДТБТ-не тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жол-көлік оқиғасы кезінде әйел азаматша спорттық үлгідегі қызыл түстіжейде мен қара шалбар, өкшесі бар қызыл туфли киген. Белгілері: бойы 160-165 см, орта денелі. Қоңыр көзді, шашы қысқа қара.