Түркістан облысында жылыжайларға қолдау күшейтілді

0
783

Фермерлік жылыжайлар да субсидияланады.


Түркістан облысында жылыжайларға қолдау күшейтілді

Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді. Облыс басшысы бұл салаға жан-жақты қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр.


2024 жылдан бастап жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы мен газ шығындары ішінара субсидиялаудың қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен жылыжай қауымдастығы және қоғам белсенділерінің қатысуымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды.


Тиісінше, «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітіліп, өнеркәсіптік жылыжайлармен қатар, фермерлік жылыжайлар да субсидияланады.


Бұл бағытта фермерлік жылыжайларды мемлекеттік стандарттаудан өткізу мақсатында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдері және облысы әкімдігінен жұмыс тобы құрылып, жылыжай шаруашылықтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.


Айта кетейік, жалпы Түркістан облысында 1 517 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжайлар бар. Оның ішінде: 87,2 гектар 26 бірлік өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлар және 1 429,8 гектар 3 503 бірлік фермерлік жылыжайлар.