Түркістан облысындағы құс фабрикасы 7 млн жұмыртқа шығаруда

0
3 718

Онда 12 мың тауық өсіріледі


Түркістан облысындағы құс фабрикасы 7 млн жұмыртқа шығаруда

ERNUR.KZ. Түркістан қаласы, Оранғай елді мекенінде жеке кәсіпкер А. Сыздықовтың иелігіндегі «Яссы» құс өсіру фермасының екінші ғимараты өз жұмысын бастады, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылы салынған ғимараттың құрылысына 30 млн. теңге қаражат жұмсалған. Бельгиялық «Вали» фирмасынан 76 млн. теңгеге құрал-жабдықтар алынып, орнатылды. Қазіргі кезде 18 адам жұмыспен қамтылды. Құс фермасының жалпы жер көлемі 15,0 гектар.

Айта кетейік, «Яссы» құс фермасының бірінші ғимараты 2016 жылы өз жұмысын бастаған болатын. Итальяндық «Факко» фирмасының құрал-жабдықтары негізінде іске қосылған бұл фабрикада қазіргі кезде жұмыртқа өндіру бағытында Германиялық «Ломан ЛСЛ» тұқымды 12 мың тауық өсіріледі. Одан жылына 6-7 млн. дана жұмыртқа алынуда. Одан бөлек 30 мың дана Голландиялық «Декалб» тұқымды шөжек әкелінген.