Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімін өңір активіне таныстырды.
Бүгін жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімін өңір активіне таныстырды. Жаңа облыстың әкімі болып бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев тағайындалды.
Жансейіт Түймебаев 1958 жылы бұрынғы ОҚО (қазіргі Түркістан облысы), Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Қазақстан Білім және ғылым министрі қызметін атқарған Жансейіт Қансейітұлы аталған облысқа әкім болғанға дейін Түркия еліндегі Төтенше және өкілетті Елшісі болған. ОҚО әкімі болып 2016 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.
Айта кетейік, кеше, маусымның 19-ы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.