Түркістан облысының бес ауданындағы елді мекендер жарықсыз қалды

0
2 524

Бұған ауа-райының күрт нашарлауы себеп болған.


Түркістан облысының бес ауданындағы елді мекендер жарықсыз қалды

Түркістан облысының бес ауданындағы кейбір елді мекендер жарықсыз қалды. Қазір «Оңтүстік Жарық» мекемесі электр желілерін қайта қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан (екпінді жел 25-28 м / с дейін күшейіп, жаңбырдың арты қарға айналды) Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілген. Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізуде», делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған.

«Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникалары дайын», делінген хабарламада.