Түркістан облысының ең үздік жас мұғалім анықталды

0
1 909

Үздік деп Жетісай ауданының №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының мұғалімі атанды.


Түркістан облысының ең үздік жас мұғалім анықталды

Жетісайлық ұстаз Түркістан облысы бойынша ең үздік жас мұғалім - 2019 байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі және де Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Жалын» дебат клубының президенті Аралбаев Табиғат Маратұлы 2019 жыл - Жастар жылына орай ұйымдастырылған ауданның «Үздік жас мұғалім - 2019» байқауының жеңімпазы атанып, облысқа жолдама алған болатын.

Облыстағы байқауда «Ең үздік жас мұғалім - 2019» сайысынан бас жүлдегер атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Ұстаз болып ғана қоймай табандылық, жоғары білімің және қажымас кайратыңның арқасында облыстық сайыста Жетісай ауданының мерейін үстем ете білді. Алдағы уақытта үздік жас мұғалім республикалық байқауда бағын сынайтын болады.