Түркістан облысының оңтүстік аймақтарын дамыту үшін 67 жоба қолға алынды

0
1 105

Республикалық бюджеттен 16 млрд. теңге бөлінеді.


Түркістан облысының оңтүстік аймақтарын дамыту үшін 67 жоба қолға алынды

Бес ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін 67 жоба жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының оңтүстік аймағында орын тепкен Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарын су, газбен жабдықтау және білім нысандарын салу үшін келесі жылы 10 жоба іске асырылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 16 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы осы аймақтағы жұмыстарды қадағалауға келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Түркістан облысының оңтүстік аймақтарының дамуына оң серпін беретін 67 жобаны қолға алдық. Оның 10 жобасын Үкімет мақұлдап, тиісті қаражат бөлетін болды. Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 40 млрд теңге қаралып, 57 жоба іске асырылып жатыр. Ол қаржының 30 млрд. теңгесі биыл бөлінсе, 10 млрд. теңгесі келесі жылы осы жобаларды аяқтауға бөлінетін болады", - деді өңір басшысы.

Аталған жобалар - әлеуметтік инфрақұрылымды құрайтын, ауылдық жерде мектеп, аурухана салу, жол тарту, газ құбырын қосу жұмыстарын жүргізуге арналған. Оңтүстік аймақта орналасқан Шардара, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында тұратын халықты 2020-2021 ж. толығымен газ, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша облыс әкімдігінің тарапынан Үкіметке ұсыныс беріліп, 16 млрд. теңге қаражат бөлінетін болды.

Былтыр облыс дамуының Кешенді жоспары жасалғанда негізгі басымдық халық саны 1 миллионға жуықтайтын оңтүстік аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға беріліп, жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы және әлеуметтік нысандар көптеп салынуда.