​Түркістан облысының спортшылары Индонезияға барады

0
2 431

Айтулы жарыс алдында Түркістан облысы байдарка және каонеден есу федерациясының президенті Денис Жәрменов баспасөз мәслихатын өткізді.


​Түркістан облысының спортшылары Индонезияға барады

ERNUR.KZ.18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Жакарта мен Палембанг қалаларында XVIII жазғы Азия ойындарына Түркістан облысының спортшылары қатысады деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айтулы жарыс алдында Түркістан облысы байдарка және каонеден есу федерациясының президенті Денис Жәрменов баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға Азия ойындарына баратын 6 спортшы Сергей және Тимофей Емильяновтар, Тимур Хайдаров, Евгений Алексеев, Ирина Подойникова, Владислав Яковлев және Инна Клиновалар қатысты.

Биыл су спортынан Қазақстан құрама командасынан Азия ойындарына 16 спортшы қатысады. Соның алтауы Түркістан облысынан. Естеріңізге сала кетсек, 4 жыл алдын өткен Азия ойындарында облыстан Михаил және Тимофей Емильяновтар 1000 метрге екілік жарыста алтыннан алқа таққан болатын. Наталья Сергеева мен Ирина Подойниковалар байдаркада жұп сында 500 метр қашықтыққа бірінші болып жетіп келіп, алтын медалді жеңіп алды. Сондай ақ, жеке сында Наталья Сергеева, Сергей Емильянов және Евгений Алексеевтер чемпион атанған.

Биыл құрлық ойындарына баратын атлеттеріміз дайындықты Белорус елінде бастап, Болгарияда түйіндейтін болады.