Байқауға 150-ге жуық жасөспірім қатысты.
Түлкібас ауданында сурет салудан «Бейбіт күннің ұрпақтары» атты байқау өткізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында бірлік мерекесі және «Балалар жылына» орай, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ашық аспан астында сурет салудан «Бейбіт күннің ұрпақтары» атты байқау өткізілді. Мерекелік шараға барлық орта білім беру мекемелерінен 150-ге жуық жасөспірім қатысып, бейбітшілік, ынтымақ, достық тақырыбындағы суреттерін асфальт бетіне түсіріп, флешмоб биледі.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек жастардың шығармаларымен танысып, үздіктерін анықтады.
Мереке аудандық мәдениет үйінде жалғасын тауып, бұл жерде жас буын өкілдеріне отандық мультфильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, іс-шара мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.