Өз кезегінде, «Оқушылар сарайының» жас таланттары патриоттық рух пен Отансүйгіштік сезімді оятатын әндер мен жыр жауһарларын орындап, көрерменге күмбірлеген күй ұсынды.
Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне» орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне» орай «Айбары асқақ Ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, кешті тамашалауға келген қала қонақтары мен тұрғындарды, ата-аналар мен жасөспірімдерді мекеме директоры Индира Икапова маңызы зор мерекемен құттықтады.
«Құрметті, Отандастар! Сіздерді «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, еліміздің тірегі болған Ата заңымыздың әлемдік аренадағы орны әрдайым биікте болсын. Даналығымен тәнті еткен ата-бабаларымыздың дала заңдарынан бастау алған Конституциямыз әрбір азаматтың құқығын қорғап, Әділетті Қазақстанның өзегі ретінде мәңгі жасай берсін. Айбыны асқақ Ата заң – әрбір азамат құрмет тұтуы тиіс байлығымыз. Бүгінгі балаларымыз ұйымдастырып отырған мерекелік іс-шара барша азаматқа рухани азық сыйлап, Конституция беделінінің одан сайын асқақтауына септігін тигізеді деп сенемін», - деді Индира Сарқытқызы өз сөзінде.
Өз кезегінде, «Оқушылар сарайының» жас таланттары патриоттық рух пен Отансүйгіштік сезімді оятатын әндер мен жыр жауһарларын орындап, көрерменге күмбірлеген күй ұсынды. Ал, іс-шара соңында «Атамекен» әнін хормен шырқап, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.