ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Аквачеллендж» сайысы өтті

0
877

Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Аквачеллендж» сайысы өтті

Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер су қызықтарынсыз елестете алмайды. Осы орайда, бүгін «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның сөзіне сүйенсек, бұл сайыстың балаларға берері мол.

«Бүгін сарайымыздағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысып жатыр. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бүгін бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. Тағы бір айта кетерлігі – «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді», - деді ол.

Атап өтер болсақ, жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ», жалпы 6 топ қатысты. Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары үшінші орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары екінші орынға ие болып, жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды. Тиісінше, жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль берілсе, бас бәйгені қажығалаған командаға кубок табысталды.


Айта кетсек, мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасатын болады.