Түркістан қаласында Оңтүстіктің ақын-жазушыларының таңдамалы туындыларының тұсаукесері өтті -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасында өткен жиынды жазушы Мархабат Байғұт жүргізді. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев көпшілікті құттықтап, Түркістанды бірге түлетуге шақырды.
Іс-шарада, «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» айдарымен жарыққа шыққан он кітаптың тұсаукесері өтті. Олардың ішәнде Н. Бегалыұлының «Жаз жалбыз», Х.Есенқарақызының «Жібек», Е. Тоқтасынұлының «Беласқан» секілді кітаптар бар.