ТҮРКІСТАН: Өңір халқының саны 2 003 479-ды құрады

0
670

Онлайн санақ 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін болады.


ТҮРКІСТАН: Өңір халқының саны 2 003 479-ды құрады

Жалпыұлттық халық санағының бірінші кезеңінде Түркістан облысында тұратын халықтың саны 2 003 479 адамды құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ұлттық халық санағы екі кезеңмен жүргізіліп, бірінші – дайындық кезеңі маусым айында өтті. Түркістан облыстық статистика департаментінің мәліметінше, санақтың алғашқы кезеңінде өңірде тұратын халықтың саны 2 003 479 адамды құрады. Бұл шараға Түркістан облысынынан 127 уәкіл, 50 нұсқаушы-бақылаушы және 352 интервьюер жұмысқа тартылды. Ұлттық халық санағының екінші, негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазан аралығында өтеді. Оның ішінде онлайн санақ 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін болады. Онлайн санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін дәстүрлі жаппай аралау әдісі жоспарланған. Дәстүрлі санақ қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін жүргізілетін болады.


Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен интервьюер барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық бақылауды ескере отырып сауалнама жүргізе алады. Алынған мәліметтер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі. Сұхбаттасушылар электронды планшеттерді қолданады. Бұл санақ процесін жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша 3 мыңға жуық азамат тартылады. Оның ішінде 400-ге жуық нұсқаушы-бақылаушы, 2500-ге жуық санақшы қызмет етеді. Санақ жүргізетін интервьюердің мойнында көк түсті «Халық санағы» символикасы бар шарф, көк түсті сөмкесі, планшеті және Интервьюер екенін айшықтайтын бейдж-құжаты болады. Ол құжатта фотосуреті, аты-жөні, тиісті аумақтық статистика бөлімінің мөрі және нөмірі көрсетіледі. Ол нөмірді sanaq.gov.kz сайтындағы «интервьюерді іздеу» жолағына енгізу арқылы тексеруге болады.