ТҮРКІСТАН: Өңір волейболшылары ел чемпионы атанды

0
562

Доп додасына елімізден 21 команда, 250-ге жуық спортшы қатысты.


ТҮРКІСТАН: Өңір волейболшылары ел чемпионы атанды

Талдықорған қаласында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Талдықорған қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-11 аралығында өткен волейбол бәсекесі өте тартысты өтті.


Доп додасына елімізден 21 команда, 250-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады.


Волейбол спорты соңғы кездері елімізде қарыштап дамып келеді. Осы орайда ел чемпионаты да аса тартысқа толы болды. Әрбір команда жеңіс үшін келгендерін көрсетіп, бар күш-жігерлерін ортаға салды.


Тәжірибелі жаттықтырушы Иса Раймханов баптайтын Түркістан облысының командасы қарсыластарын қапы қалдырып, ел чемпионы атанды. Ал Астана қаласының волейболшылары екінші орынды иеленсе, жүлделі үшінші орынды Қызылорда облысының құрамасы қанағат етті.


Ойындардың әділ өтуіне төрешілердің де ықпалы өте зор. Бұл жарыста Түркістан облысының атынан ұлттық дәрежедегі төреші Серік Досболов төрелік етті. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубок, медаль және алғыс хаттарымен марапатталды.